Елде дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды - Цой - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды - Цой

26.01.2021
Елде дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды - Цой

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Денсаулық сақтау министрінен дәрі-дәрмек бағасы қалай қадағаланып жатқанын сұрады. Осы орайда Алексей Цой дәрі-дәрмектің шекті бағасын қадағалау мәселесі қайта қаралғанын мәлім етті. 

«Қазіргі уақытта коронавирус препараттары бойынша маркетингті шығындарды алып тастадық. Дәріханаларда дәрі жетіспеушілігі болмас үшін біз коронавирус жұқтырғандарға амбулаториялық дәрі-дәрмек тегін беріліп жатыр. Бұл дәріханалардағы кезекті жойды. Біз ковидке қарсы препараттардың бағасын орта есеппен 27 пайызға арзандаттық», - деді министр.

Алексей Цой елде алдағы уақытта дәрі жетіспеушілігі болмайтынын кесіп айтты. 

Хабарламаларға жазылу