Алматының қақ ортасында орналасқан бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары пәтер иелері кооперативінің жұмысына шағымданды. Айтуларынша, баспаналарының шатырынан су ағады. Жөндеу жұмыстарына деп үнемі қаржы жиналғанымен, ПИК өкілдері екі жылдан бері бей-жай қарап келеді, дейді наразы тұрғындар. Олар өз ақшаларына ешқандай жұмыс істелмегеніне, адам шошырлық жағдайда тұрған қабырғалар қалпына келтірілмегеніне ашулы. Ал пәтер иелері кооперативі өз міндетімізді толық атқарып отырмыз деп ақталды.
Ирина Владимирова, қала тұрғыны:-Үйімізді жақында ғана жөндедік. Жауын жауып, төбемізден су ағып жасаған жұмысымыз далаға кетті. Екі жылдан бері өтініш жазып, жүгірумен келеміз. Ауламыз да, үйлердің кірберісі де үнемі шашылып жатады. Тіпті бұл аумақты қаладағы ең лас шағын аудан деп атар едім.Гүлнар Айжүрекова, пәтер иелері кооперативінің өкілі:-Бұл жерде біздің бастығымыздың отырғанына екі ақ жыл болды. Екі жылдың ішінде шамасы келгенше әр үйге ремонттарын жасап жатыр.