Алматыда электр тарифі төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда электр тарифі төмендейді

25.01.2021

Алматыда келесі аптадан бастап электр қуатының тарифі төмендейді. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлап отыр. Айтуларынша тариф жеке тұлғалар үшін 1,5 пайызға арзандайды. Яғни бұрын килловат сағат үшін 17 теңге 12 тиын төлеп келгендер, енді 16 теңге 80 тиын төлейді. Заңды тұлғалар үшін де баға арзандайды. Енді олар килловат сағатына 18 теңге 47 тиын емес,18 теңге 25 тиын төлейді. 


Досжан Маратұлы 


Хабарламаларға жазылу