Израиль халықаралық әуе рейстерін қаңтардың соңына дейін тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль халықаралық әуе рейстерін қаңтардың соңына дейін тоқтатты

25.01.2021

Аталған шара коронавирустың таралуын тежеу мақсатында енгізілді. Дегенмен жүк тасымалына, жедел қызмет көрсету ұшақтарына рұқсат берілген. Соңғы деректерге сай, елде «ковид» жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты. 

АҚШ Оңтүстік Африкадан келген жолаушыларға қаңтардың 30-нан бастап елге кіруге тыйым салады. Ал Бразилия, Ұлыбритания, Ирландия мен Еуропалық 26 елдің азаматтарына салынған осындай шектеудің күші тағы ұзартылмақ. Оған коронавирустың жаңа түрінің таралуы себеп. Жалпы Құрама штаттарда індетке шалдыққандар саны 25 миллионнан асып, 419 мыңдайы одан қайтыс болды.

Ал Германияда «Airbus» компаниясының 21 қызметкері коронавирус жұқтырған соң, 500-ге тарта жұмысшы карантинге жіберілді. Қазір вирус ошағының қайдан пайда болғаны анықталып жатыр. Оқиғадан кейін, науқастар емделіп жатқан ауруханадағы 2 мыңдай адам оқшаулау режиміне ауысты.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу