Түркістан облысында боранда жолда қалған 400-ге жуық адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында боранда жолда қалған 400-ге жуық адам құтқарылды

25.01.2021

Түркістан облысында соңғы үш күн бойғы ақтүтек боранда жүзден аса көлік жолда қалып, қар құрсауынан шығарылды. 400-ге тарта адам құтқарылды.

Тәртіп сақшылары да тәулік бойы жолдарда кезекшілік атқарды. Солтүстік-батыстан соққан желдің күштілігі сонша - 34 елді мекенде 35 мыңға тарта тұтынушы жарықсыз қалды. Облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда 9 бағыт бойынша қозғалыс шектелді. Қауіпті деген аймақтарда жолдар әлі жабық.  

Сыр өңірінде де қыс қаһарына мініп, ауа райы көліктердің қозғалысына кедергісін келтірді. Әсіресе, Шымкент-Самара тасжолының бірнеше учаскесінде омбы қардың кесіренен көліктер жолда тұрып қалды. Далада қалған 11 жүк және 9 жеңіл автокөлікті құтқарушылар қар құрсауынан шығарып, барлығы 26 адамды құтқарды. Оның ішінде, балалар да бар. Сондай-ақ, қан сонарда аңға шыққан 6 аңшы қарлы боранда жоғалып кетіп, Қаратау бөктерінен аман-есен табылды.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу