Қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшеймек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшеймек

22.01.2021

Елімізде қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшеймек. Жұртты алдайтын алаяқ компанияларды дер кезінде анықтау үшін арнайы ведомства аралық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына бірнеше министрлік пен қаржы мониторингі комитеті және қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі кірген. Олар барлық жарнамалар мен интернет ресурстарды жүйелі түрлі сүзгіден өткізіп отырмақ. Сөйтіп қаржы пирамидаларын дер кезінде әшкере етеміз деп отыр. Айта кетейік, былтыр 35 қаржы пирамидасы анықталып, 200-ден астам қылмыстық іс қозғалған.  

Досжан Маратұлы  


Хабарламаларға жазылу