Кәсіпкерлерге кезекті рет қолдау көрсетілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерге кезекті рет қолдау көрсетілуі мүмкін

22.01.2021

Елімізде карантиннің кесірінен жұмысы уақытша тоқтаған кәсіпкерлер кезекті рет салық пен түрлі әлеуметтік төлемдерден босатылуы мүмкін. Бизнесмендердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновтың айтуынша бір миллионнан астам кәсіпкерге бұған дейін көмек көрсетілгенімен, қолдау әлі де жетіспейді. Кәсіпкерлер әсіресе жұмыс уақытының шектелгеніне наразы дейді бизнес-омбудсмен. Соның керісінен табыстары 43 пайызға азайып, індетке байланысты қорғаныш заттарын сатып алуға шығындары артқан. Оның үстіне әрбір үшінші кәсіпкер нысанды жалдау ақысын төлеуде қиындыққа тап болғанын айтқан. Сол үшін арнайы комиссия бизнесті дамыту үшін қолдау шараларын әзірлеп жатыр дейді Жүрсінов. Бұған дейін депутаттар да осы мәселені көтерген еді.  

Рустам Жүрсінов, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл:  
Шағын және орта бизнес субъектілерін тағы да салықтан босатып, әлеуметтік төлемдерін кейінге қалдыруымыз керек. Сондай-ақ карантиндік шектеулерге байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан кәсіпорындардың коммуналдық шығындарына өтемақы төлеуіміз қажет.  

  Досжан Маратұлы  


Хабарламаларға жазылу