Қазақстандық жастарға әскерге шақырту SMS хабарлама түрінде жіберіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Қазір электронды үкіметпен арадағы бірлескен жұмысты ұйымдастыру шаралары жүргізіліп жатыр. «Бұл бастама әскерге шақырту үрдісін жеңілдетіп қана қоймай, жастардың тұрғылықты мекенжайын анықтауға мүмкіндік береді»,- дейді министрлік мамандары.
Айта кетейік, былтыр Қазақстанда Отан алдындағы борышын өтеу үшін 34 мың адам шақырту алған.
Фариза Мұсақызы