2020 жылы алимент төлемегендерден 76 пәтер мен 62 көлік өндіріп алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылы алимент төлемегендерден 76 пәтер мен 62 көлік өндіріп алынды

22.01.2021

Былтыр еліміз бойынша алимент төлеуден жалтарғандардан 76 пәтер мен 62 көлік өндіріп алынды. Бұл туралы Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

Мүлік арқылы қарызды өндіру өткен жылдармен салыстырғанда 2 есе артып отыр. Ведомство борышкерлерді жұмысқа орналастыру немесе әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстарды да ширатып келеді. Бұл бағытта жеке сот орындаушылардың республикалық палатасымен және жергілікті әкімдіктермен меморандумға қол қойылған.

  Алмат Мадалиев, ҚР Әділет вице-министрі: 
-Жұмыс істегісі келмейтін, борышын төлемей жалтарып жүрген кісілерге қарсы біз жұмысты жалғастырып, жаңа жылда жеке сот орындаушылардың базасын «Сергек» камераларымен интеграция жасау арқылы олардың көліктерін табуды жеңілдетпекшіміз. Яғни бұл жұмыстар алға басып, қарыздардың көбісі өтеледі деп санаймыз.  


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу