Шығыс Қазақстанда дүлей дауыл үш қабатты ауданаралық аурухананың шатырын ұшырып әкетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда дүлей дауыл үш қабатты ауданаралық аурухананың шатырын ұшырып әкетті

13.09.2017

Төтенше жағдай Көкпекті ауданының Самар ауылында кеше шамамен кешкі сағат бестер кезінде болған. Құлаған шатырдың ауданы 600 шаршы метр. Сонымен қатар, екпіндете соққан қатты желдің салдарынан қос қабатты тұрғын үйдің шатыры да ұшып кеткен. Облыстық Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 32 метрге жеткен.

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу