Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа енді. Өткен тәулікте 55, ал тек қаңтар айында 800-ден аса адам індет жұқтырды. Оның 58-і - балалар. Сол себепті бүгіннен бастап облыс аумағында карантиндік шектеулер енгізілді. Аурудың өршуіне өңірдің Ресей және ірі мұнай-газ компаниялары шоғырланған Атырау облысымен шектесуі де әсер етуде. Облыс әкімі тұрғындарды қол алысып амандаспауға және көпшілік жиналатын жиындардан бас тартуға шақырды.
Сондай-ақ, Ақмола облысында бүгіннен бастап карантин шаралары күшейтіледі. Мешіт, шіркеулер жұмысына шектеу қойылады. Аумағы 1 мың шаршы шақырымнан асатын азық-түліктік емес дүкендердің жұмыс уақыты қысқартылып, сенбі-жексенбі күндері мүлдем тоқтатылады.