Тоқаев: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау

21.01.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың қарсылығын тудырған заң жобасына қатысты пікір білдірді. Президент твиттердегі парақшасына:  

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау», -деп жазды.

Мемлекет басшысының мәлімдемесінен кейін аталған заң жобасы кері қайтарылып, жетілдірілетін болды. Бұл туралы құжаттың шығарылуына тікелей жауапты Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жетекшісі Жамиля Нұрманбетова айтты. Депутат барлық уәжге талдау жасалғанын, енді азаматтық қоғам мен сарапшылардың қатысуымен заң жобасы қайта қаралатынын жеткізді. Ол осы ретте «Нұр Отан» партиясы фракциясының пікірталас алаңына жиналып, кең талқылау өткізуді ұсынды.

Нысаналы Ығыл  


Хабарламаларға жазылу