Бүгін Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қабылданды. Заң жобасы жол жүрісі саласындағы заңнаманы жетілдіріп, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын және мүдделерін қорғауға, жол-көлік құралдарының тиімді әрі қауіпсіз қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Құжатта Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жүргізушінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормалардың сақталмағаны әкімшілік жауаптылықты алып тастау ұсынылды. Бірақ бұл түзетулер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.
«Заң жобасы Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасы аясында әзірленді. Енді көлік жүргізгенде жүргізуші куәлігін және көліктің техникалық паспортын бірге алып жүру міндеті алынып тасталады. Бұл цифрландыру жұмыстарының нақты нәтижесі», – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Заң Президенттің қол қоюына жіберілді.