Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір күнде 17 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір күнде 17 адам көз жұмды

21.01.2021
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір күнде 17 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустан 15 адам көз жұмды. 1180 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 172412-ге жеттi. 

Соңғы тәулікте 1124 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 156521. Қайтыс болғандар - 2446.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 088 адам ем қабылдап жатыр. 298 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 131 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 47115 адамға пневмония диагнозы қойылды. 34925 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 547.

Хабарламаларға жазылу