Енді елдегі жол сапасы мен оның қауіпсіздік деңгейі спутник арқылы анықталады. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мен IRAP халықаралық автокөлік жолдарын бағалау жүйесі серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Мамандар қауіпсіздік деңгейін балдық жүйемен белгілейді. Арнайы технологияның көмегімен жол белгілерінің талапқа сай немесе сай еместігі және қауіпті жол бөліктері анықталады. Қазірдің өзінде орталық ел бойынша 5 мың шақырым жолды түсіріп үлгерген.
Замир Сағынов, жол активтерінің ұлттық сапа орталығының бас директоры:-Жиырма өзіміздің қызметкерлерімізді жаз бойы оқыттық. GPS арқылы қай жер екенін бәрін белгілеп, нақтылап беруіміз керек. Осыны жобаға саламыз, автомобиль жолдары комитетіне ұсыныс береміз: қай жолды қай бағытта жөндеу керек, қандай іс-шаралар атқару керек.
Дарын Сағитов