Экономика саласындағы қылмыс мемлекетке 155 млрд теңге шығын келтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономика саласындағы қылмыс мемлекетке 155 млрд теңге шығын келтірді

20.01.2021

Экономика саласындағы қылмыс былтыр мемлекетке 155 млрд теңгеден аса шығын келтірді. Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылмен салыстырғанда кеткен ақша екі есеге дейін көбейіп, 164 млрд-тан асқан. Әсіресе бір жылда салық төлеуден жалтарғандар бес есеге дейін көбейіп, қайтарылмаған қаражат 113 млрд теңгеден асқан. Жалған шот фактура жасап, заңсыздыққа барғандар да азаймай отыр. Қылмыскерлер 26 млрд теңгені жалған құжатпен жымқырмақ болған. Қаржы пирамидаларының да кесірінен адамдар 6 млрд теңгеден аса шығынға батты. Ал кеткен шығынның былтыр тек 15% ғана өтелген.  

Ақерке Бектас 


Хабарламаларға жазылу