Кореяда сотталған отандастар елге қайтарылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кореяда сотталған отандастар елге қайтарылуы мүмкін

20.01.2021

Кореяда сотталған 25 отандасты елге қайтаруға мүмкіндік бар. Бас прокурордың орынбасары Мәжіліс депутаттарынан тараптар арасында жазасын өтеушілерді беру туралы заң жобасын қолдауды сұрады. Құжат бойынша Қазақстанға қайтарылған адам Корея сотының үкіміне қарай жазасын өтейді. Егер екі жақтың заңдары сәйкеспесе жаза сипаты мен ұзақтығы Корея соты тағайындағаннан қатал болмауы тиіс. Депутаттар ұсынылған келісімді мақұлдады. Сондай-ақ 7-ші шақырылым депутаттары алғашқы жалпы отырыста азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік тұрғыдан қолдау, әскерилердің құқы мен мәртебесіне қатысты заң жобаларын қарады.   

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:   
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сессияның ашылуында депутаттардан сапалы заңдар талап ететінін ерекше атап өтті. Ол заңдар ең алдымен халықтың өмір сапасын, білім, денсаулық салаларын жақсартуға, әлеуметтік қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға ықпал етуге тиіс. Сондықтан біздің басты мақсатымыз жоспарға сәйкес өз уақытында халыққа қажетті, пайдалы заңдар қабылдау.    

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу