Brent маркалы мұнай бағасы 55 доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Brent маркалы мұнай бағасы 55 доллардан асты

19.01.2021

Сейсенбіде Brent маркалы мұнайдың бағасы 55 доллардан асты. Associated Press нарыққа АҚШ экономикасын қолдауға қатысты ақпарат әсер еткенін жазады. Джо Байден ертең өтетін инаугурациядан кейін пандемиямен күреске қосымша шара қолданады деп күтілуде. Ал Экси сарапшылары доллардың қымбаттап, коронавирустің қайта күшеюінен соң мұнайға сұраныс тағы азаюы мүмкін деп болжам жасады. Тек вакцинаға қатысты ақпараттар ғана мұнай бағасы қазіргі деңгейден түспейді дейді. Сонымен бүгін Brent баррелі 55, WTI 52 долларға жетті.  

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу