Қылмыскерлермен күресіп, қоғамдық тәртіпті сақтауы тиіс полиция қызметкерлері Таразда өзара жанжалдасып, бір-бірін пышақтап тастаған. Қайғылы оқиға Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің басқарма бастықтары Үмбеталиев пен Бектұрғанов және полицияның бұрынғы қызметкері Жетпісбаев бірге ішімдік ішкен жерде болған. Әріптестер арасында туындаған жанжал соңы төбелеске ұласып, Үмбеталиев әріптестерінің бірін кеудесінен пышақтап, екіншісін де жаралаған.
Ғазиза МҰХАМЕДЖАНОВА