СҚО коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа енді

19.01.2021

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Осыған байланысты алдағы демалыс күндері Петропавлда локдаун енгізіледі. Жұрт көп жиналатын отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынады. Сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар мен құрылыс материалдары дүкендері сенбі-жексенбі жұмыс істемейді, тек азық-түлік сатататын сауда орындары мен дәріханаларға ғана рұқсат. Қалаішілік қоғамдық көліктер де демалыс күндері жүрмейді. 

Әсет Жұматаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Алдыңғы бір жұмамамен салыстырғанда ол кезде 50-54 жағдай тіркелсе, қазір 71 жағдайға дейін жетті. Яғни, 20 жағдайға дейін өсіп отыр. Және 61 пайызы симптомды, 39-ы симптомсыз түрде. 

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу