Елімізде 1 ақпаннан бастап халықты жаппай вакциналау басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1 ақпаннан бастап халықты жаппай вакциналау басталады

19.01.2021

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халықты жаппай вакциналау басталады. Бүгін жаңартылған құрамдағы Үкіметтің алғашқы отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин жауапты ведомстволарға короновирусқа қарсы екпе салуды ұйымдастыруды тапсырды. 

Дарын Сағитов, тілші:
Келесі айда басталатын жаппай вакциналау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Ресейлік «Спутник V» вакцинасы алдымен медицина қызметкерлеріне салынады. Алғашқы кезеңде 100 мың адамды қамту жоспарланған. 1 наурыздан мұғалімдер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына егіледі. Екінші кезеңде 150 мың адам қамтылмақ. Ал 1 сәуірден студенттер, оқушылар мен балабақша қызметкерлері, созылмалы ауруы бар азаматтар егіледі. Жиыны 600 мыңдай адам қамтылады.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Қазіргі таңда халыққа жаппай вакцина салуды ұйымдастыру – ең маңызды міндет болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге медицина ұйымдарын 1 ақпаннан бастап халықты жаппай вакциналауды бастауды қамтамасыз етуге дайын болуын қамтамасыз етсін. Егу пунктерінде вакцинаны сақтауға арналған қажет жабдық болуы тиіс. Сонымен брге, медицина қзметкерлерін оқыту қажет. Бір апта мерзімде егу пунктерінің әзірлігін және вакцинамен тұрқты қамтамасыз ету мәселелерін шешуді тапсырамын.
Дарын Сағитов, тілші:
Айта кетерлігі, тұрғындарға екпе салудың электронды паспорты әзірленді. Вакцинация жүргізу туралы деректер Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде электронды форматта жүргізіледі. Жалпы жыл соңына дейін 6 млн адамға екпе егу жоспарланған. 



Хабарламаларға жазылу