Түркістан облысында табиғат қорықшысы өзі бас болып, браконьерлермен аңға шыққан. Қаратаудың басына мылтық асына барғандар арқардың ізіне түсіп, жайратып салған. Аңшыларға Сырдария-Түркістан табиғи паркінің мемлекеттік инспекторы жол көрсеткені белгілі болды. Қорықшы онымен қоймай сыбайластарын паркке тиесілі үйге жайғастырған. Атып алған аңың етін қазанға салып жатқанда тексерушілер үстінен түскен. Олардан 6 мылтық пен 60-тан астам оқ тәркіленді. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Ғани Қалмаханов