Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау бойынша кеңес өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау бойынша кеңес өтті

18.01.2021

Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін Мәжіліс комитеттерінің отырыстары өтті. Яғни, палата депутаттары салалық министрлердің кандидатураларын келісті. Мәжіліс комитеттеріне Премьер-министрдің орынбасарлары лауазымына және министрлік басшылары қызметтеріне кандидаттар таныстырылды. Үміткерлер депутаттардың сұрақтарына жауап беріп, жетекшілік ететін бағыты бойынша жұмысы туралы айтты. Бұл ретте, депутаттар дағдарыстан кейінгі ел дамуының маңыздылығына тоқталды.  

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу