Алматыда госпитальдің құрылысына бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің мәлімдеуінше қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мәліметтер әзірге құпия сақталады.
Айта кетейік, ақпарат құралдары осы іске қатысы болуы мүмкін деген күдікпен қалалық жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтың қамауға алынғаны туралы жариялаған еді. Ол құрылысқа бөлінген 5,5 млрд теңгенің 3,9 млрд теңгесін қолды қылды деп күдікке ілінген. Алайда шаһар әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Қуан Нұрақын