Алматы облысы Ұзынағаш елді мекенінде сауда кешені өртке оранды. Қызыл жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт салдарынан 9 сауда орны өртеніп, кәсіпкерлер шығынға батты. «Күлге айналған тауардың нақты көлемі әзірге белгісіз», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Оқиға орнына 22 өрт сөндіруші мен 6 арнайы техника дереу жетіп, өртті сөндірген. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, электр сымдарының тұйықталуынан өрт шыққан.
Нұрхан Нұрланұлы