Қазақстанда қар жауып, жел күшейеді - 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазгидрометтің болжамынша, 18 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, тұман түседі, жолдарда көктайғақ орнайды.
«Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде және орталығында аздап қар жауады, батысында да қар немесе жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Басқа аймақтарда жауын-шашын түспейді. Республиканың кейбір жерлерінде тұман түсіп, жаяу боран соғады, жел күшейеді, батыс аймақтардағы жолдарға көктайғақ орнайды», - деп хабарлайды Қазгидромет.
Жекелеген облыстарға тоқталсақ, Солтүстік Қазақстан облысында түнде жел күшейіп, кейбір жерлерде желдің күші секундына 23-28 метр жылдамдықпен соғады.
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде де секундына 15-23 метр жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай, Ақмола облыстарында жаяу боран соғып, тұман түседі.
Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында тұман түсіп, секундына 15-22 метр жылдамдықта жел соғады.
Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ орнайды. Түркістан, Қызылорда облыстарында да тұман түседі деген болжам бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24