Коронавирустың таралуы бойынша еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймақта тұр. ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 18 қаңтар күнгі Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасын жариялады.
Орталықтың бағалауынша Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Атырау, Павлодар облыстары «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Алматы, Қарағанды облыстары, БҚО, СҚО бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.