Бүгін ел көлемінде бір уақытта «Қайырымдылық жаршысы» атты онлайн-марафон өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Зекет» қоры мұрындық болған шарада 9 мыңға жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда 500 шаңырақ көмекке ие болды. Қайырымдылық марафоны әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, жалғызбасты аналар мен қарттарды қамтыды. Игілікті шара - басқарманың биылғы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған іс-жоспарының бір бағыты.
Дарын Сағитов