Елімізде KIA көліктері шығарылатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде KIA көліктері шығарылатын болды

15.01.2021

Елімізде KIA көліктері шығарылатын болды. Отандық компаниялардың бірі KIA моторстың ресми дистрибьюторы атанды. Алдымен елімізде 20-ға жуық диллерлік орталық ашу көзделген. Оның сегізі наурызда Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтау мен Шымкент қалаларында ашылмақ. Ал корейлік көліктер Қостанайдағы машина жасау зауытында құрастырылады. Онда Қазақстан нарығында бар KIA көліктерінің барлық моделі шығарылады деп жоспарланған. Машиналар 4 пайыздық арзан несиемен де сатылады. 

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу