Елордалық жігіттер өзенге түсіп кеткен бір үйдің 3 баласын құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық жігіттер өзенге түсіп кеткен бір үйдің 3 баласын құтқарып қалды

14.01.2021

Елордада өзенге түсіп кеткен үш бала құтқарылды. Бәрі дін аман. Оларды жол-жөнекей өтіп бара жатқан жігіттер құтқарып қалды. Бүгін жанкешті азаматтарға қалалық Полиция департаменті салтанатты түрде алғыс білдірді. Оқиға кеше тіркелген. Жеткіншектер Сарыбұлақ көшесі арқылы өзен үстіндегі көпірмен үйіне қайтпақ болған. Біреуінің аяғы тайып, суға құлайды. Інісін құтқаруға асыққан әпкелерінің де әлі келмей, суға батып қалған. Құтқаруға қалың қар мен боран бөгет болыпты. Балалардың айғайын естіген үш жігіт ойланбастан жәрдемге ұмтылады. Құтқарылған жеткіншектердің әкесі Бауыржан Мұқышев, Секен Нариман және Ержан Шекен есімді батырларға ризашылығын айтты. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу