Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясының парламенттік фракциясының отырысына қатысуда. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Фракция отырысы барысында «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынды.
Айта кетейін, бұған дейін ол Мәжіліске төрағалық еткен болатын. 10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы болды. ҚР Парламент Мәжілісіне «Nur Otan», «Ақ жол» және Қазақстан халық партиясы өтті. Бүгін ОСК төрағасы жаңа депутаттарға куәлік пен омырауға тағатын белгілерін табыстады.