Ақмола облысында қоғамдық тамақтану орындарының қызмет көрсету уақыты 20.00-ге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, өңірде ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орындары демалыс күндері жұмыс істемейді. Себебі Ақмола облысы – «қызыл» аймақ қатарында. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысы шықты. Құжат ертеңнен бастап күшіне енеді. Өңірде індетке шалдыққандар азаймай тұр. Өткен тәулікте 63 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Қазір ауруханаларда 455 науқас ем алып жатыр. 3 мыңнан астам адам үйлерінде оқшауланған. Бас санитарлық дәрігер карантин талаптары сақталмаса, шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін екенін ескертті.
Ермек Елберген