ШҚО-да болған қауіпті атмосфералық құбылысты алдын ала болжау мүмкін емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да болған қауіпті атмосфералық құбылысты алдын ала болжау мүмкін емес

18.07.2017

Қатты желдің себебінен ауа ағындары бір жерге тоғысып, тез арада осындай локалды құбылыс пайда болады. Мұндай жайттардың көбеюіне климаттың өзгеруі себеп болып отыр. Бұл туралы Қазгидромет орталығы мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, 2015 жылы Қазақстан аумағында күн райының қауіпті құбылуы 11 мың рет тіркелсе, былтыр 12 мыңнан астам осындай көрініс байқалған.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу