Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа құлап кетті

13.01.2021

Нұр-Сұлтанда әйел азамат терең құдыққа құлап кетіп, аман қалды. Бұл жағдай Есілдің сол жағалауындағы Қабанбай батыр көшесінің бойында болған. Қалалық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша оқиға орнына 9 құтқарушы және 2 техника барып келіншекті құтқарып алған. 1973 жылы туған әйел жедел жәрдеммен 1-ауруханаға жеткізілген. Өміріне қауіп жоқ. Тексерістен соң үйіне жіберілген. Әкімшілік-саяси орталықтағы үлкен даңғылдың бойында бұл терең құдықтың неліктен ашық қалғаны турасында әзірге еш мәлімет жоқ.  

Шерхан Жамбылұлы  


Хабарламаларға жазылу