Сарапшылар: Жаңа құрам Парламент жұмысын жандандырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Жаңа құрам Парламент жұмысын жандандырады

13.01.2021

Мәжілістің құрамы едәуір жаңарып сапасы да артты. Сондықтан алдағы уақытта ілкімді істер күтуге негіз бар. Сарапшылар осындай пікірде.  

Самат Нұртаза, саясаттанушы:
«Nur Otan» партиясының кешегі сайланған 76 адамы байқасаңыз өмірдің әр саласынан келген. Жазушылар, саясаттанушылар, әншілер, теміржолшылар, тағы басқа. Сондықтан менің ойымша «Nur Otan» партиясының жаңа құрамынан үмітім зор. Келе жатқан 5 жылда менің ойымша біздің өмірімізді кішкене болса да жақсартып, бақытқа әкеледі деп есептеймін. 
Алмас Арзықұлов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы:
Осы жолы сайлауға жастардың белсене қатысуын атап өтуге болады. Әйелдер мен жастардың 30 пайыздық квотасы себеп болды деп ойлаймыз. Құрамның осындай сапалық жағынан артуы алдағы Парламент жұмысына оңтайлы әсер етеді деп айтуға болады. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу