Павлодарда 150-ге жуық тұрғын үйге жылу жеткілікті берілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 150-ге жуық тұрғын үйге жылу жеткілікті берілмеген

12.01.2021

Қыс басталғалы Павлодарда 150-ге жуық көпқабатты үйге жылу жеткілікті берілмеген. Оның үстіне жылу магистралдарында апат жиіледі. Соның салдарынан сақылдаған сары аязда үйлері суып кеткен тұрғындардан шағым көбейді. Аймақ басшысы жауапты мекемелерге мәселесін шешу үшін бір апта уақыт берді.  

Мәзизә Ямалиденова қоңыр күз келмей үйінің есік, терезесін қанша қымтағанмен, қыс басталғалы пәтер іші жыламай-ақ қойды. Аяз күшейгенде тіптен қиналдық, қалың киіммен ұйықтауға тура келді дейді ол. 

Мәзиза Ямалиденова қала тұрғыны: 
-Бізді өтірік алдайды-деп отыр. Мына батарей жылы-деп айтып кете барады. Батарей жылы емес. Киім киіп ұйықтаймын.  

Аяздың беті қайтса да, қаладағы тұрғын үйлердің 10 пайызына жылу әлі жеткілікті берілмей тұр. Себебі, магистраль бойында кінәрат көп.

Болат Аманбаев, тілші:  
 -Аяз тұрса болды, Павлодарда құбыр жарылады. Жылу маусымы басталғалы бері қалалық жылу жүйесінде 14 жерден ақау шыққан. Оның екеуі әлі жөнделіп жатыр. Қаланың дәл көрнекті жеріндегі үйілген балшық, опырылған асфальт сол аяқталмаған жұмыстың көрінісі.    

Үш күн бұрын ғана осы қазылған жылу құбырының шұңқырына құлаған зейнеткер, 100 градустық ыстық суға күйіп қалған болатын. Ауруханада жатқан әйелдің жағдайы сол үйі ауыр. Сол кезде апаттың салдарынан ондаған тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалды. Жауапты мекеме апаттың жиілеуіне жылу құбырларының тозуы себеп дейді.

Игорь Рыбас, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:  
-Павлодар қаласындағы жылу желілерінің 80 пайызы тозған. Аяз күшейген кезде біз қысымды көбейтуге мәжбүр боламыз. Сол кезде су қайнап, ескірген құбырларды керіп жібереді.  

Ал жылумен қатып отырған монополист компания- пәтер иелері кооперативіне, ал олар есік терезесін бітемеген деп тұрғындардың өздерін кінәлайды. Қыстың көзі қырауда жұртты жылуға жарытпаған жауапты мекемелерге мәселені шешу үшін облыс әкімі бір апта уақыт берді.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу