Шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты жылдық квота бекіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты жылдық квота бекіді

12.01.2021

Отандық компанияларға шетелдік азаматтарды алуға қатысты жылдық квота шықты. Еңбек министрлігінің мәліметінше, шетелдік жұмысшы саны 29 300-ден аспауы қажет. Компаниялардағы шетелдік қызметкерлер категория бойынша реттелген. Басшы және оның орынбасары лауазымындағы жұмысшы саны 1354 болып бекіді. Екінші деңгей – бөлім басшылары 7510-нан аспауы керек. Қазір елдегі 1700 кәсіпорында 14 мыңнан аса шетелдік азамат еңбек етеді. Олар көбіне үшінші және төртінші деңгейлі қызметте жұмыс істейді. Бұл - мамандар мен біліктіліктен өткен қызметкерлер.    

Ақерке Бектас 


Хабарламаларға жазылу