Қостанай облысы «қызыл» аймаққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы «қызыл» аймаққа енді

12.01.2021
Қостанай облысы «қызыл» аймаққа енді

Қостанай облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа енді. Ал Атырау облысы қайтадан «сары» аймаққа түсті. ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 12 қаңтар күнгі Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасын жариялады.

Орталықтың бағалауынша Ақмола, Қостанай облыстары «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, БҚО, СҚО, Атырау, Павлодар облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Жалпы, Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «сары» аймақта тұр.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу