Маңғыстауда бірнеше елді мекен мен өндіріс орындары кеше кештен жарықсыз қалды. Ақтау қаласында да 4 шағын ауданда элекрт энергиясы болмады.
Бұған Атырау облысындағы екі станциясындағы апатты жағдай себеп болды. Қазір ондағы станциялар жөнделіп жатыр, Атырауда жағдай қалыпты. Жарық бар. Мамандар көрші облысқа Маңғыстаудың энерго көздерінен 150 мегабат көлемінде электр энергиясы тасымалданғандықтан Маңғыстауда жарықтан тапшылық болды дейді. Осыдан бір сағат бұрын жарық қайта берілді.
Аягөз Оралбайқызы