Елімізде бензин бағасы өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бензин бағасы өсуі мүмкін

11.01.2021

Елімізде бензин бағасы өсуі мүмкін. Сарапшылардың пікірі осыған саяды. Өйткені көрші Ресей елінде бір айда жанармай бағасы шамамен 10 пайыздай қымбаттағаны белгілі. 

Онда баға тағы өседі деген ақпарат бар. Бұл бізге де әсер етеді дейді мамандар. Өйткені нарық ортақ. Сол үшін тасымалдаушыларға бензинді елімізде емес, көрші елге апарып қымбатқа сату тиімдірек. Бұлай болса, елімізде тапшылық болуы да ғажап емес. Қазір Ресейде жанармайдың орташа бағасы 240 теңге, ал елімізде 160 теңге. Сол үшін қымбатшылықтың алдын алу керек дейді сарапшы. 

Бауыржан Ысқақов, экономист:
-Халықтың тікелей тұтыну қабілетіне әсер ететін, олардың азық-түлігінің бағасының қымбаттауына әсер ететін фактор болып табылады бензиннің қымбаттауы. Сол үшін бірінші кезекте қымбаттап кетудің алдын алуымыз керек. Ол үшін біздің резервтер толық қанды жұмыс жасап жатыр.

Досжан Маратұлы 


Хабарламаларға жазылу