Сайлауда өрескел заң бұзушылық тіркелген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлауда өрескел заң бұзушылық тіркелген жоқ

11.01.2021

Сайлауда өрескел заң бұзушылық тіркелген жоқ. Осылай деген «Әділ және адал сайлау туралы» Хартияға қосылған бақылаушылар жұмыстарының қорытындысын жариялады. Сайлаудың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету үшін бірнеше қоғамдық ұйымдар күш біріктіріп, қала бойынша бес мыңға жуық ерікті байқаушы ретінде жұмыс істеген. «Қазақстанның экологиялық ұйымы қауымдастығының» басқарма төрайымы Айгүл Соловьева сайлау туралы заңның олқы тұстары байқалса, алдағы екі айдың ішінде барлық материалдарды жинақтап, құзырлы органдарға ұсыныс ретінде жолдайтынын айтты.  

 Айгүл Соловьева, қоғам белсендісі: 
- Өрескел заң бұзушылық болған жоқ. Сайлау өте жақсы өтті.

Еріктілерден құралған байқаушылардың сөзінше сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты қорғаныс құралдары, бір реттік маскалар мен қолғаптар таратылды. Учаскеге кіреберісте барлық дауыс берушілердің дене қызуы өлшеніп отырды. 

Қуан Нұрақын 

Хабарламаларға жазылу