Петропавлда жатақхана құлауға жақын. Көпқабатты үй тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Мәселен, осыдан 3 жыл бұрын жертөледегі 4 бетон плитасы жылжыған болатын. Көп кешікпей ғимараттың қабырғасы қақырап, терезе алдындағы кірпіштері құлаған. Алайда, үй әлі күнге дейін апатты жағдайда деп танылмаған. 145 пәтер орналасқан жатақхана шатыры бірнеше жылдан бері тіреуішпен тұр. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, түйіткілді мәселенің түйінін тарқату үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына жүгіну қажет.