Қорғас кеден бекеті маңындағы кісі өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғас кеден бекеті маңындағы кісі өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

05.06.2017

Алматы облысындағы «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық орталығы ауласында 22 және 25 жастағы ер азаматтар бір-бірімен ерегесіп, біреуі суық қару қолданған. Ауыр жарақат алған 25 жастағы жігіт ауруханаға жетпей қайтыс болды. Қылмыс орталықтың бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол әлеуметтік желі арқылы лезде тарап кетті. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, екі жігіт те Қорғас шекарамаңы ынтымақтастық орталығында сауда-саттықпен айналысқан. Кісі өліміне қатысты Алматы облыстық Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатыр. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу