«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Мәжіліс депутаттығына 19 кандидатты ұсынған. Оның ішінде төрт әйел және 29 жасқа толмаған екі азамат бар. Тізімге енгендер арасында Ауыл шаруашылығының экс-вице-министрі, журналист, кооператив пен шаруа қожалығының басшылары бар. Ал мәслихат депутаттығына барлық деңгей бойынша 158 тізім ұсынылған.