Бүгінгі сайлауға Шымкент қаласының жұртшылығы ерекше белсенділікпен қатысып жатыр.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Мегаполис мәртебесіне ие қала жұртшылығы қай кезде де саяси шараға бейжай қараған емес. Бұл жолы сайлауды өткізу үшін шаһарда 312 учаскесі жасақталды. Олардың 19-ы жабық мекемелерде.
Қаланың шеткері аумағы саналғанымен Қазығұрт шағын ауданында ораналасқан №71 сайлау учаскесінде қазірдің өзінде таңдау жасауға асыққан сайлаушылар қатары сәт санап артып келеді. Бүгінгі сайлауда ең бірінші болып дауыс берген азаматқа ұлы Абайдың кітабы сыйға берілді. Таңмен таласа тұрып, бірден сайлау учаскесіне келген Зағира Арынова да бүгін алғашқылардың бірі болып отбасымен бірге өз таңдауын жасап үлгерді.
Қоғамдық көліктер сайлауға байланысты бүгін жұртты тегін тасымалдауда.
Биыл сайлаушылар саны 50 мың азаматқа артып отыр. Яғни, 617 мыңнан астам азамат дауыс беру құқына ие.