Қазақстан халық партиясы Мәжіліс депутаттығына 113 кандидатын ұсынып отыр. Оған партияның бұрынғы жетекшісі Владислав Косарев пен Тұрғын Сыздықов енбей қалған. Ал үміткерлердің 41-і, яғни 36 пайызы әйелдер мен жастар. Осыған дейін Қазақстан коммунистік халық партиясы деп аталған саяси ұйым «коммунистік» сөзін алып тастап, Қазақстан халық партиясы деп қайта тіркелгенін айта кетейік.