Елімізде несие алушылар көбейген. Ұлттық банктің дерегі бойынша 2020 жылы банктер 14 триллион 600 миллиард теңгеге несие берген. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіштер алдеқайда төмен. 13 триллион 600 миллиард. Қарыз көлемі бір жылда 1 трлн-ға артқан. Қарыздың жартысы яғни, 7 триллион 280 миллиарды заңды тұлғаларға, ал қалғаны жеке тұлғаларға берілген.
Досжан Маратұлы