Жолдан түсетін табыс еселеп артпақ. Биыл ақылы жолдардан қазынаға 6 млрд теңге түсуі тиіс. Бұған республикалық 13 тас жолдың ақылы болуы әсер етпек. Бұған дейін Қапшағай-Талдықорған, Қызылорда-Шымкент-Тазар, Ақтау-Бейнеу, Нұр-Сұлтан-Павлодар секілді жол учаскелерінің биыл ақылы болатынын айтқанбыз. Әрі осы ақылы жолдарға жақын орналасқан елді мекен жүргізушілеріне жылдық абонемент қызметін алуға болады.
Досжан Маратұлы