Теңге нығайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге нығайып келеді

07.01.2021

Мұнай бағасының өсуі теңгемізге оң әсер етіп жатыр. Бүгін төл ақшамыз долларға шаққанда екі теңгеге нығайды. Бір АҚШ ақшасы қазір - 418,2, Еуро - 517,4 Ресей валютасы – 5 теңге 60 тиынға тең.  

Жалпы биыл бағам қалай өзгеруі мүмкін? Сарапшылардың пікірі әртүрлі. Мұнай қымбаттауын жалғастырса, баға 400-410 теңге шамасында болмақ. Ал кейбірі теңге долларға шаққанда 450 теңгеге дейін құлдырайды деген болжамдарын айтқан.

Досжан Маратұлы  


Хабарламаларға жазылу