Мемлекеттік сатып алу саласында 31 мыңнан аса заңсыздық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алу саласында 31 мыңнан аса заңсыздық анықталды

06.01.2021

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу саласына бақылау жүргізіп, 31 мыңнан аса заңсыздық анықтады. Құны 1 трлн теңгеге жасалған түрлі тендерді іске асыру кезінде бірнеше қателік кеткен. Министрлік бұдан бөлек конкурстық құжаттарды толтыру, келісімшарт пен тауар биржасына қатысты мемлекеттік сатып алуды тексерген. Бақылау жемқорлықтың алдын алып, тендердегі заңсыздықты жою үшін жүргізіледі дейді мамандар. 


Ақерке Бектас 


Мемлекеттік сатып алу

Хабарламаларға жазылу